434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Германияда министрлер кабинеті жаңадан жасақталды

  • 102
  • UPD: 23:21, 08.12.2021
Германияда министрлер кабинеті жаңадан жасақталды

Германияда министрлер кабинеті жаңадан жасақталды. Бүгін үкімет мүшелері ел президенті қолынан тиісті куәлік алып, қызметіне кірісті.

Жаңа үкімет құрамына үш партияның өкілдері кірген. Және оның жартысы әйел. Бұған дейін Германия Бундестагы елдің жаңа Канцлерін сайлаған еді. Осы қызметті 16 жыл атқарған Ангела Меркельдің орнын Социал-демократиялық партияның лидері Олаф Шольц басты. Дауыс беру кезінде оның кандидатурасын 395 депутат қолдаған.

Хабар 24 телеарнасы