Ішімдіктен ең көп өлім Шотландияда тіркелді

Ішімдік қауіпке айналды, деп хабарлайды Хабар 24.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ең көп өлім Шотландияда тіркелген. Одан кейін, Солтүстік Ирландия, Уэльс пен Англияда байқалады. Статистикаға сәйкес, былтыр ішімдіктен 9 мың адам көз жұмды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 19 процентке артық. Сарапшылардың пайымдауынша, жағдайдың ушығуы пандемиядан кейін басталған. Дәрігерлердің айтуынша, ішімдіктен қайтыс болғандардың 78 процентінің бауыры зақымданған. 12 процентінде психикалық ауытқу байқалған.