Гиннестің рекордтар кітабына енген көшелер

Әлемнің кез келген қаласынан ерекше көшені кездестіруге болады. Алайда Гиннестің рекордтар кітабына енген ең ерекше үш көше туралы білесіз бе?

Болдуин көшесі, Жаңа Зеландия

Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес, әлемдегі ең ғажайып көше — Жаңа Зеландияның оңтүстігінде, Данидин қаласындағы Болдуин көшесі. Көшенің ұзындығы 350 метр, ал көлбеу бұрышы 19 градусқа жетеді. Бір қызығы, жұмысшылар жолды асфальтпен емес, бетонмен төсеуге мәжбүр болған, себебі мұнда түсетін күн сәулесінен асфальт еріп кетер еді.

Эбенезер-плейс, Шотландия

Көше шотландиялық Уик қаласында Ривер-стрит пен Юнион-стрит аралығында орналасқан. 2006 жылы ол Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең қысқа көше ретінде енген. Оның ұзындығы небәрі 2 метр, 6 сантиметр. 

9-де-Хулио даңғылы, Аргентина

Көше Буэнос-Айрестің дәл орталығында орналасқан. Ол әлемдегі ең аумағы кең көше саналады, ені 110 метр, бұл көлік қозғалысына арналған тоғыз жолақ. Жаяу жүргіншілерге осы жолдан өту үшін бағдаршам екі-үш рет ауыстырылады.

Ақпарат көзі: travel.rambler.ru

Сондай-ақ...