Ғалымдар «омикронды» зерттеуге кірісті

Ғалымдар «омикронды» зерттеуге кірісті

Омикрон штамы өзге штамдарға қарағанда қауіпті емес. Оңтүстік Африка республикасында ғалымдардың жүргізген зертханалық зерттеу жұмысының нәтижесі осындай.

Мамандардың айтуынша, адам вакцина алса да, вирустан толық қорғала алмайды. Десе де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, екпе індеттің ауыр түріне төтеп бере ала алады. Сонымен қатар коронавируспен ауырып, вакцина алған адамдардың ағзасында антиденелер жоғары деңгейде болады. 

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы: 

– Біз көптеген сұрақтарға әлі жауап алған жоқпыз. Десе де Омикрон мен Дельта штамдарына қарсы қорғансыз емеспіз. Мемлекеттердің ауруды алдын алу үшін қолға алған шараларынан кейін омикронның қаншалықты тез тарап жатқаны белгілі болады. Сондықтан әлем елдерін дер кезінде тиісті шешім қабылдауға шақырамын.

PFIZER: ВАКЦИНАНЫҢ ҮШ ДОЗАСЫ «ОМИКРОННАН» ҚОРҒАЙДЫ

Ал фармацевтикалық алпауыт Pfizer компаниясы омикронды жеңу үшін, вакцинаның 3 дозасы қажет дейді.  Ғалымдар егілгендерді зерттей отыра, бустерлік доза адамды инфекциядан 25 есе қорғайтынын анықтап отыр.