434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жаңа Зеландияда темекі шегуге қарсы күрес күшейтілді

  • 113
  • UPD: 15:46, 09.12.2021
Жаңа Зеландияда темекі шегуге қарсы күрес күшейтілді

Жаңа Зеландияда темекі шегумен қарсы күрес жұмыстарына бағытталған жаңа бағдарлама іске қосылды. Бұдан былай елде шылым сататын дүкендердің саны қысқарылады.

Темекінің қаптамасы барынша жағымсыз етіп жасалатын болады. Сонымен қатар, шылымның құрамындағы никотиннің мөлшеріде, азайтатылмақ. Осылайша Жаңа Зеландия билігі елде темекі тартатын тұрғындардың санын 5 процентке қысқартпақ ниетте.

Айта кетейік, жуырда Жаңа Зеландия билігі 2004 жылдан кейін туғандар үшін толық шылым шегуге тыйым салатын жоспарымен бөліскен болатын.

Айша Верралл, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:

– Жаңа Зеландия тұрғындарын 2025 жылға қарай темекі түтінінен арылтуды жоспарлап отырмыз. Қол қусырып отырсақ, діттеген мақсатымызға жете алмаймыз. Сондықтан қазірден бастап тиісті әрекет етуіміз керек. Ол үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолға алғанымыз жөн.

Хабар 24 телеарнасы