Ұлыбританияда ішімдік пен күркетауық еті жетіспей жатыр  

Ұлыбританияда Рождество қарсаңында алкогольдік ішімдік аздық ететін секілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Оған Брекзит пен коронавирус пандемиясы себеп. Салдарынан жүк көлігі жүргізушілерінің тапшылығы туындап, бұл тасымалға әсер етпей қоймады. Сөйтіп корольдікке ішімдік уақытында жеткізілмей жатыр. Кәсіпкерлер Рождествоға дейін үлгеруіміз екіталай дейді. Осыған байланысты Ұлыбританияда мерекелік дастархандағы басты тағамның бірі – күркетауық еті де тапшы бола бастаған. 

Ұлыбритания-Польша сауда палатасының өкілі:

– Бұл проблема бұрыннан бар. Британдық өндірушілер жаздан бастап қасапшы жетіспейтіні туралы айтып келеді. Рождество қарсаңында сұраныс арта түсетіні белгілі. Алайда биыл мереке кезіндегі көрсеткіштерге қол жеткізе алмайтын сияқтымыз.