Қасықты да жеуге болады

Әлем көмір мен газдан қашып құтыла алмай жатыр. Қол жеткені электр көлікке мінді. Келешекте тіпті ас ішуге пластикті қолданбайтын да болармыз.

Сербиялық стартап пластик қасықтың орнына жеуге жарамды ас үй құралдарын шығара бастады. Яғни тамақ ішіп болған соң қасықты жеп қоюыңызға болады. Банатски-Карловац қаласында орналасқан бұл компания күніне 20 мың қасық жасайды. Оны дайындауға кәдімгі бал мен жұмыртқа қолданады. Дәмін келтіру үшін какао да қосылады екен. Өндіруші компания тек қасықпен шектеліп қалмақ емес. Алдағы уақытта жеуге жарамды түтікшелер шығармақ.