Google компаниясы қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлеріне 1600 доллардан төлейді

Google компаниясы қашықтан жұмыс істеуін жалғастыруды шешкен қызметкерлері мен тәлімгерлеріне 1600 доллардан төлейтін болды.

Американдық алпауыттың мұндай шешім қабылдауына коронавирустың омикрон штамының таралуы түрткі еткен. Мұның үстіне бірлестік кей қызметкерлері ковид-19-ға қарсы екпе салдырудан бас тартқан.

Айта кетейік, «Гугл» қызметкерлері кеңселердегі қызметіне қаңтардың 10-ы күні оралуы керек еді. Алайда компания басшылығы коронавирустың омикрон түрінің таралуына байланысты өткен аптада бұл мерзімді белгісіз уақытқа шегеруді шешті.