Азия мен Африка елдерінен келген мигранттар отанына кері қайтуға келіссе, Литва билігі оларға бір мың еуродан төлейді.
Босқындарға бұған дейін де осындай ұсыныс жасалған. Ол кезде ақша 3 есе аз болды. Кейінгі уақытта Литваға Беларусь шекарасы арқылы келген мигранттар саны көбейген. 3 мың 200 адам баспана сұрап өтініш білдірген екен. Ресми Вильнюс тек 54-ін мақұлдаған. Өз еркімен кері қайтамын деушілерге Литва билігі ұшақ билетін де сатып алып береді. Қажетті ақшаның бәрі Еурокомиссияның қаржылай көмегі есебінен төленеді.
