Ливанда босқындар лагерінде жарылыс болды

Ливанның оңтсүтігіндегі босқындар лагерінде бірнеше жарылыс болды,  деп хабарлайды Хабар 24. Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Мәлім болғанындай, 12 адам жараланған. Мерт болғандардың бар-жоғы әзірге белгісіз. Сонымен қатар ненің жарылғаны да жұмбақ. Кей болжамдар бойынша бомба, не болмаса коронавирусқа қарсы қолданатын оттегі балондары болуы мүмкін. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр.