Кузбасстағы темір шахтасы опырылып, үш адам зардап шекті

Кемерово облысындағы Таштагол темір кенішінде шахтаның шағын учаскесінде төтенше жағдай болып, үш адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Хабар 24 ТАСС агенттігі сілтеме жасап.

Мәлім болғанындай, үш жұмысшы құлаған шахтаның астында қалған. Жарақат алған кеншілер ауруханаға жеткізілді. Қалған жұмысшылар эвакуацияланды, олар аман-есен.

Ал бірнеше жергілікті БАҚ оқиғаның жер сілкінісінен болуы мүмкін екенін хабарлады. Алайда бұл туралы әлі нақты ақпаратты жоқ.

Алайда Ресейдегі Бірыңғай геофизикалық қызметінің мәліметінше, жұма күні таңертең Кузбасста 2,9 балдық шағын жер сілкінісі тіркелген. Аймақта мұндай жергілікті жер сілкіністері жиі тіркеледі, әдетте олар техногенді болып келеді және тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі жарылыстармен байланысты.