АҚШ-та шерушілер Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялауды талап етті

АҚШ-та шерушілер Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялауды талап етті

Сан-Францискода бір топ белсенді Бейжіңдегі олимпиадаға қарсы наразылық танытып көшеге шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Қытай елшілігі алдына жиналған шерушілер келер жылдың ақпанында өтуге тиіс ойындарға бойкот жариялауды талап етті. Өйткені Қытайда адам құқықтары аяққа тапталып жатыр, дейді олар. Наразылар NBC Sports телеарнасының кеңсесіне де барып, Қытайда өтетін қысқы ойындарды көрсетпеуге шақырды. Тіпті петиция да жолдаған.

Айта кетейік, таяуда АҚШ, Ұлыбритания мен Канада елдері осы Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялап, ресми делегация жібермейтінін мәлімдеген болатын.