Гана шетелден оралған азаматтарды бірден вакцинациялай бастайды

Гана 13 желтоқсаннан бастап шетелден оралған азаматтарды елдің әуежайына келгеннен кейін бірден COVID-19 вирусына қарсы вакцинациялай бастайды, деп хабарлайды Хабар 24.

Сонымен қатар елден кететін Гана тұрғындары вакцинация туралы құжаттарды ұсынуы керек. Мұндай шараларды ел билігі «омикронның» таралуына байланысты қабылдады.

Германияда медицина қызметкерлері үшін міндетті вакцинация енгізіледі. Енді олар жұмыс орнында вакцинациядан өткендігі немесе covid-19 ауруынан сауығып шыққандығы туралы дәлелдеме ұсынуы керек.

Шотландия «омикронның» таралуына байланысты шектеулерді күшейтеді. COVID-19 жұқтырған адамдармен байланысқа түскендердің барлығы вакцинацияланғанына немесе коронавирусқа теріс сынақ нәтижесі болса да 10 күн карантинде болуы керек.