Италиядағы жарылыс: екі адамның денесі табылды

Италияда газ жарылысы салдарынан 2 адамның қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Тағы 12 кісі жоғалып кеткен. Оның үшеуі – бала.

Айта өтейік, оқыс оқиға Сицилия аралындағы Равануза қаласында болды. Жарылыстың жойқын болғаны сонша 4 қабатты тұрғын үймен қоса маңайдағы бірнеше ғимаратқа да нұқсан келді.