Беларусь - Польша шекарасында поляк сарбазы жараланды

Беларусь - Польша шекарасында поляк сарбазы жараланды
REUTERS

Беларусьтен келген заңсыз мигранттардың шекараға шабуылы кезінде поляк сарбазы жараланды, деп хабарлайды Хабар 24. РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Бүгін Черемши ауданындағы поляк-белорусь учаскесінен 55 адам шекараны кесіп өтті. Поляк әскерінің бір сарбазына тас тиді. Сол жерде оған көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.

Шекара күзетінің өкілі Анна Михалскаяның айтуынша, мигранттар тобы шекарадан өткен. Алайда олардың бәрі ұсталып, шекараға жеткізілген.

Жыл басынан бері Польша шекарашылары Беларусь шекарасынан заңсыз өтуге тырысқан 40 мыңға жуық дерек тіркеген. Бұл былтырғымен салыстырғанда он есе көп. Қарашада 8,9 мыңдай, қазанда – 17,4 мың, қыркүйекте – 7,7 мың, тамызда 3,5 мыңдай әрекет анықталған.