460,95 484,00 8,66
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Беларусь шекарасындағы мигранттар көрші елдерге заңсыз өтпек болды

  • 138
  • UPD: 22:24, 12.12.2021
Беларусь шекарасындағы мигранттар көрші елдерге заңсыз өтпек болды

Литва-Беларусь шекарасына жақын маңайда 22 рет оқ атылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Оқты кімнің атқаны әзірге белгісіз.

Еске салайық, жуырда Литва сарбаздары көрші елден келген 8 босқынды шекарадан өткізбей қойған. Түнде Польша жеріне Беларусь арқылы 50-ден аса босқын заңсыз өтпек болған. Олардың жолын бөгемек болған жауынгерлердің бірі жарақат алды. Жалпы жыл басынан бері Польшаның тиісті мекемелері 40 мыңға жуық шекарадан заңсыз өту дерегін тіркеген. Бұл былтырмен салыстырғанда әлдеқайда көп.

Хабар 24 телеарнасы