Испанияда Барра дауылынан 2 адам қаза тапты

Испанияның солтүстігін су басып жатыр. Барра дауылынан кейін нөсер құйып, Эльба өзені арнасынан тасыды.

Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, тасқыннан 2 адам көз жұмған. Наварра провинциясында тұрғындар шұғыл қауіпсіз жаққа көшірілді. Билік зардап шеккен аймаққа 300-ге жуық сарбаз, 102 арнайы техника мен тікұшақ жіберді. Құтқару жұмысы жалғасуда.

Эмилио Карридо, жергілікті тұрғын:

- Мен мұндай су тасқынын ешқашан көрген емеспін. Көпір де су астында қалды. Үйіміз тұруға жарамсыз болып қалды. Үлкен шығынға баттық.