Сербияда қалың жауған қар қоғамдық көлікке кедергі тудырды

Ал Белград пен Сербияның басым бөлігінде жауған қалың қар жергілікті тұрғындарды әбігерге салды.

Табиғаттың тосын мінезінен аймақта қоғамдық көлік пен теміржол қатынасы тежелді. Әуежай жұмысы да уақытша тоқтады. Сербияның батыс өңірлерінде тұрғындар жарықсыз қалды. Тас жолдарда қалың қарға ондаған көлік омбығып қалды. Ағаштар құлап, бірнеше ғимарат қираған. Әзірге жарақат алғандар мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.