Израиль төртінші доза салуға рұқсат етуі мүмкін

Израиль билігі коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасын салу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Ол осал топқа жататын азаматтарға ұсынылуы ықтимал. Биліктің алаңдауы бекер емес. Өйткені елде омикрон тез тарап барады. Бүгінде 100-ден аса дерек туралы белгілі. Жергілікті ақпарат құралдары жаңа штамды жұқтырған бір науқаста індет ауыр формада өтіп жатқанын хабарлады.

Нафтали Беннет, Израиль премьер-министрі:

- Омикронға қатысты алаңдаушылық артып барады. Мәселен, Еуропа елдерінде Рождество кезінде шектеулер енгізілейін деп жатыр. Біз де жаңа штамға байланысты қатаң шаралар жарияладық. Енді екпенің төртінші компонентін салу мәселесін қарастырып жатырмыз. Осал топқа жататын азаматтар оны неғұрлым ерте қабылдағаны дұрыс.

Сондай-ақ...