Швеция жағалауындағы Балтық теңізінде екі жүк кемесі соқтығысты. Салдарынан кемелердің бірі аударылып қалған.
Бұл туралы дүйсенбі күні SVT телекомпаниясы хабарлады.
Ақпарат көзінің мәліметінше, аударылған су көлігі – Данияда, ал екіншісі Британияда тіркелген. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Экипаж мүшелерінің нақты саны әзірге белгісіз.
