АҚШ-та торнадодан кейін жоғалғандар саны 100-ге жеткен

Ал апаттан қаза тапқандардың қатары 90-нан асты, деп хабарлайды Хабар 24.

Елдің төтенше жағдайлар қызметі жоғалғандарды іздестіру жұмыстарын қарқынды жүргізуде,Қазір жоғалғандар саны 100-ге жуықтаған. Мамандар қаза тапқандардың саны тағы өсуі мүмкін деген пікірде.

Естеріңізге салайық, өткен аптада долы дауыл АҚШ-тың 5 штатында ойран салды. Табиғаттың тосын мінезінен ең көп Кентукки штаты зардап шекті. Ел президенті Джо Байден аймаққа федералды көмек бөлінетінін уәде етті.