Таяу Шығыста жануарлар қамқорлыққа алынды

Газа секторында аяқ-қолынан айырылған иттер мен мысықтарға протез салынып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Қайырымды іспен жергілікті белсенділер айналысады. Осылайша олар бір жағынан жарамсыз болып қалған ойыншықтар мен балалардың белесебеттерін іске жаратады. Тұрғындардың садақасынан басқа бастамашыл топқа Ұлыбритания мен Австралиядағы қайырылымдылық ұйымдарынан да көмек келеді. Бұл аймақта жануарларға протез салумен айналысатын ресми орталықтар жоқ.

Мамандардың айтуынша, Газа секторында Израиль қарулы күштерінің шабуылынан адамдармен бірге жануарлар да жапа шегеді. Медицина мекемелері болса әскери қақтығыс салдарынан зардап шеккен адамдарға көмектесуден аса алмайды. 

Саид әл-Аэр, протез жасаушы:

– Біздің орталықта аяқ-қолы жоқ немесе істемей қалған 32 жануар көмекке мұқтаж. Олардың 12-сі ит, 20-сы мысық.