Түркияда жолаушылар автобусы аударылды: қаза тапқандар бар

Түркияның солтүстігіндегі Амасье қаласында жолаушылар мінген автобус аударылып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Кем дегенде 24 адам зардап шеккен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі тайғақ жолда көлік жүргізе алмаған. Жарақат алған екі адам ауыр халде жатыр. Қазір Амасия-Чорум трассасы уақытша жабылды.