Норвегиядағы мейрамханалар мен барларда енді алкоголь сатылмайды

Аталған шара коронавирустың омикрон штамының таралуын шектеуле байланысты қабылданып отыр.

Норвегия билігі елдегі эпидахуалдың нашарлауына байланысты қоғамдық тамақтану орындарында алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салды. Бұл туралы Verdens Gang хабарлады.

Яғни бұл шара елдегі барлық мейрамхана, бар мен клубтарға қатысты. Жаңа шектеулер 15 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар Норвегияда мектептер мен балалар бақшасына баруға да шектеу қойылады. Жоғары сынып оқушылары мен студенттер де аралас оқу форматына көшеді.