АҚШ-та әрбір жетінші американдық азамат ковидпен ауырған

АҚШ-та коронавирусты жұқтырудың расталған деректерінің саны 50 миллиондық межеден асып кетті. Бұл дегеніміз індетпен әрбір жетінші американдық ауырды деген сөз.

Ал пандемия басталғалы елде вирустан 798 мың адам көз жұмған.

Айта кету керек, АҚШ вирус жұқтыру деректері бойынша да, кісі өлімі көрсеткіштері жағынан да әлемде бірінші орында тұр. Ең күрделі эпидахуал Калифорния пен Аризонада қалыптасқан. Қазір елде омикрон тез тарап барады. Жаңа штамм 50 штаттың жартысында тіркелген.

Сондай-ақ...