SpaceX компаниясы ауадағы көмірқышқыл газынан зымыранға қажетті отын өндіреді

Атмосферадағы көмірқышқыл газынан зымыранға қажетті отын жасалады.

«СпейсИкс» компаниясы тиісті бағдарламаны жүзеге асырады.

Илон Масктың айтуынша, отынның бұл түрі Марсқа ұшатын аппараттарға қажет.

Еске салайық, кәсіпкер қызыл планетаға адам қоныстандыру жөніндегі жоспары барын бұрыннан жиі айтады.

Қазір «СпейсИкс» компаниясы негізінен жер маңайындағы орбитаға жүк жеткізумен айналысады. Енді мамандар 2026 жылға қарай адамдарды Марсқа жеткізуді жоспарлап отыр.