Гаитиде жанармай таситын көлік жарылысынан 50 адам көз жұмды

Гаитиде жанармай таситын көлік жарылып, 50 адам көз жұмды. Тағы ондаған тұрғын жарақат алды. Көлік әуелі аударылған.

Жақын жерде жүрген тұрғындар төгілген жанармайды құйып алмақ болып, жанталасып жатқанда жарылыс болған. Салдарынан өрт 20 шақты үйге тарады. Қайғылы оқиғаға байланысты Гаитиде 3 күндік аза тұту жарияланды. Еске салайық, елде осымен бірнеше ай бойы жанармай тапшылығы сезіліп отыр.