Колумбиядағы әуежайда екі бірдей жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Колумбияның Кукута қаласындағы әуежайда екі бірдей жарылыс болды.

Оқиғадан 3 адам мерт болды. Жарақат алғандар жайлы ақпарат жоқ.

Жарылысты кім ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Тергеу ісі жалғасып жатыр. Ел президенті Иван Дуке болған жайтты теракт деп бағалап отыр.

Айта кетейік, соңғы кездері аймақтағы қылмыстық топтардың шабуылы жиілеп кетті. Жуырда президент отырған тікұшаққа да шабуыл жасалған. Салдарынан екі полиция қызметкері қаза тапты.