434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Австралияда оқушы серуен кезінде өрмекшінің жаңа түрін ашты

  • 87
  • UPD: 10:59, 15.12.2021
Австралияда оқушы серуен кезінде өрмекшінің жаңа түрін ашты Wi-fi.ru

Австралияда оқушы Мерфи Уиддоусон серуендеп жүргенде өрмекшінің жаңа түріне кезіккен, деп хабарлайды «Хабар 24» Wi-fi.ru сілтеме жасап.

Ол ата-анасымен Тасмания шататына барады. Дил аралын аралап жүріп, ешқашан көрмеген өрмекші түрін суретке түсіріп, ғалым Джон Дугласқа жібереді. Ғалым Мерфиге өрмекшінің жаңа түрін тапқанын айтады.

Табылғаны жәндікке баланың есімі берілді – Artoriopsis murphyi. Бұл түр қасқыр-өрмекші қатарына жатады. Ол мөлшері жағынан кішкентай және жәндіктермен қоректенеді. Олар адамдар үшін қауіпті емес.

Хабар 24 телеарнасы