Pfizer дәрілері коронавирусқа қарсы 90% тиімділік көрсетті

Pfizer компаниясы өндірген дәрілер Covid пен оның «омикрон» штамына қарсы 90% тиімділік көрсетті. Мамандардың жүргізген ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі осындай.

Компания басшысының айтуынша Pfizer-дің дәрілері ауруханаға түскен науқастардың санын азайтып, өлім көрсеткішін едәуір қысқарта алады. Сонымен қатар препарат омикрон штамын тежеуге де қауқарлы дейді мамандар.

Айта кетейік, 1200 адам жұмылдырылған клиникалық зерттеу әлі де жалғасып жатыр. Жоспар бойынша оған тағы 1000 адам қатыспақ. Шараға тартылған еріктілер Pfizer компаниясының дәрісінен бөлек басқа да вирусқа қарсы препараттарды қабылдап жатыр.