434,07 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Гонконг сауда орталығында өрт болды: ғимарат ішінде ондаған адам қамалып қалған

  • 87
  • UPD: 16:00, 15.12.2021
Гонконг сауда орталығында өрт болды: ғимарат ішінде ондаған адам қамалып қалған © AP Photo / Ng Han Guan

Сәрсенбіде Гонконгтегі сауда орталығында өрт шығып, ғимарат ішінде ондаған адам қамалып қалған.

Бұл туралы полицияға сілтеме жасап South China Morning Post хабарлады.

Оның мәліметінше, өрт туралы алғашқы хабарлама 12:37-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 10:37) түскен. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ғимараттың ашық аспан астында орналасқан бесінші қабатынан 100-ден астам адам эвакуацияланды, бірақ ғимаратта мейрамханалардың кейбір сатып алушылары мен келушілері қалып қойған.

Хабар 24 телеарнасы