АҚШ: табиғат апатынан тұрғындар эвакуацияланып жатыр

АҚШ-тың оңтүстік Калифорния өңірінде су тасқыны мен лай көшкіні жергілікті тұрғындарды әбігерге салды.

Осыдан бірер күн бұрын бұл аймақта долы дауыл ойран салған еді. Қазір көбінесе орман өртінен зардап шеккен аудандар су астында қалды. Жергілікті билік апатты деп танылған бірнеше өңірлерден тұрғындарды эвакуациялау туралы бұйрық берді.

Әзірге мерт болғандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Айтуынша, жақын арада Калифорния мен Невадаға қалың қар түсуі мүмкін.

Сондай-ақ...