Гонконгтағы өрт: 300-ге жуық адам ғимарат ішінде қалып қойған

Гонконгта 38 қабатты Дүниежүзілік сауда орталығынан алапат өрт шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Салдарынан оннан астам азамат зардап шеккен. 300-дей адам ғимарат ішінде қалып қойған. Қазір оларды құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Белгілісі, мұнарадан өрт шыққаны туралы хабар түс кезінде келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша жалын бірінші қабаттағы техникалық бөлмеден шығыпты. Мамандардың айтуынша, ол бақылауға алынған.