Ұлыбританияда жалға берілетін тірі шыршаға сұраныс артты

Лондонда тірі шыршаларды жалға беретін компания пайда болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Осылайша Тұрғындар шыршаларды жаңажылдық мерекелерге алады да, кейіннен қайтарып береді. Ал компания бұл ағаштарды қайта егумен айналыспақ. Кәсіпкерлер халықты экологиялық жобаға мейлінше қолдау көрсетуге шақырып отыр. Олар қоршаған ортаны ластамау үшін шырша қаптамасының өзін биологиялық жолмен ыдырайтын материалдан жасаған екен.