Перу астанасында ерекше Аяз ата пайда болды

Ал Перу астанасы Лимада ерекше Аяз ата пайда болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Тәуекелге бел буған Санта коронавирус жұқтырып, арнайы аймақта оқшауланған отбасылардың балаларына сыйлық таратып жүр. Өрт сөндіру көлігінің көмегіне сүйенген ол сый-сияпатты терезе арқылы табыстайды. Қайырымды аяз ата осы сәтке дейін 120 баланы қуанышқа бөлеген. Медицина қызметкерлері де қарап отырмай, төменде би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұйымдастырушылар ерекше құттықтау шарасы 26 желтоқсанға дейін жалғасатынын айтады.

Пол Суарес, Санта Клаус:

– Махаббат сыйлау, сүйіспеншілікке бөлену – үлкен бақыт. Барлық балалар шын жүректен «Мен сізді жақсы көремін» деп айтады. Негізі мен олардың туысы немесе ата-анасы емеспін ғой. Бұл керемет!