Екі ел темір жол қатынасына байланысты бірқатар шешім қабылдады, деп хабарлайды Хабар 24.
Тиісті шешім Брюссельде өткен үшжақты кездесу барысында қабылданған. Оған Әзербайжан президенті, Армения премьер-министрі мен Еуроодақ кеңесінің басшысы қатысқан. Басқосу кезінде Никол Пашинян және Ильхам Әлиев Еуроодақпен, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды талқылады. Өз кезегінде Еуроодақ өкілдері Армения мен Әзербайжанның шекарасын белгілеу мәселесіне көмек көрсететін болды. Алдағы уақытта осы сұрақпен айналысатын уақытша жұмыс тобы құрылады.