Кумбре-Вьеха жанартауы атқылауын тоқтатты ма

Үш ай бойы елдің есін шығарған Кумбре-Вьеха жанартауы атқылауын тоқтатқан, деп хабарлайды Хабар 24.

Десек те ғалымдар босаңсуға әлі ерте дейді. 

Айтуларынша, атқылау әлі жалғасуы мүмкін.

Айта кеткен жөн, Испанияның Канар аралдарындағы Кумбре-Вьеха биыл қыркүйекте кейінгі 50 жылда алғаш рет оянған еді. Жанартаудың атқылауына байланысты мыңдаған адам эвакуацияланды. 3 мыңға жуық ғимарат қирап қалды. Арал тұрғындарының негізгі табыс көзі саналатын банан плантациялары бүлінген. Ғалымдар бұған дейін жанартаудың осыншама ұзақ уақыт атқыламағанын  айтады.