Германия Ресейдің екі дипломатын елден қуды

Германия Ресейдің 2 дипломатын елден қуды. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі ресейлік елшіні әңгімеге шақырды.

Бұл қысымның бәрі 2019 жылы шешендердің бұрынғы дала сардары Зелимхан Хангошвилиді Ресей азаматы Вадим Красиковтың Берлинде атып өлтіруіне қатысты. Ол 2 жыл бұрын жалған құжатпен неміс астанасына өтіп кеткен. Красиковтың соты Берлинде өтіп, өмір бақи түрмеде отыру жазасына кесілді. Сот үкімі бойынша Красиков Ресей Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілі әрі орыс билігінің нұсқауы бойынша әрекет еткен. Ал ресми Мәскеу бұл істің саяси астары барын айтып, сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді. Бұл істі құр қалдырмайтындарын да жеткізді.

Анналена Бербок, Германияның Сыртқы істер министрі:

- Осы кісі өлтіру ісі Германияның егемендігіне қол сұғу және Германия заңын өрескел бұзу болып саналады. Кеше мен Ресейдің Сыртқы істер министрі Лавровпен телефон арқылы сөйлестім және бізге ашық та адал пікір алмасу қажеттігін жеткіздім. Бұл халықаралық заңнама және өзара сыйластық тұрғысында іске асуы тиіс. Берлиндегі кісі өлтіру екі жақты қарым-қатынасқа залалын тигізетіні сөзсіз. Германия үкіметі елдегі қауіпсіздік пен заңды құрметтету үшін барын салады.

Сондай-ақ...