434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оңтүстік Кореяда екінші қаңтарға дейін карантин шектеулері енгізіледі   

  • 122
  • UPD: 21:19, 16.12.2021
Оңтүстік Кореяда екінші қаңтарға дейін карантин шектеулері енгізіледі   

Оңтүстік Кореяда коронавирус өршіп барады.

Соңғы мәлімет бойынша, елдегі жансақтау бөлімдері 80 процентке толған. Эпидахуалдың ушығуына байланысты билік 18 желтоқсаннан бастап жаңа шектеулер енгізбек. Қатаң ережелер 2 қаңтарға дейін сақталады. Бір жерге 4 адамнан артық жиналуға болмайды әрі олардың бәрі толық вакцина салдырған болуы тиіс. Тамақтану орындары кешкі 9-ға, ал кинотеатрлар 10-ға дейін ғана жұмыс істей алады. Екпе алмағандар қоғамдық орында жалғыз немесе үйіне барып тамақтанады.

Чон Юнь-Кёнг, ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің директоры:

– Қиын кезеңге қайта тап болдық. Бұл дағдарысты еңсеру үшін 2 аптаға шектеулер жариялаймыз. Тек осылай ғана індеттің бетін қайтарып, қауіп-қатер деңгейін азайта аламыз деп ойлаймын. Үкімет үшінші дозаны салып, халықтың иммунитетін күшейтуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы