Италияда көне фрескаларды қалпына келтірумен роботтар айналысады 

Помпеи көне шаһарындағы бүлінген фрескаларды роботтар қайта қалпына келтіреді. Мұнда бұдан 2 мың жыл бұрын жанартау атқылаған, деп хабарлайды Хабар 24.

Сөйтіп фрескалар мен мозаикалар бүлінген. Олардың күл-талқаны шыққан десе де болады. Бөлшектердің ұсақ болғаны соншалық, қолмен жинау мүмкін емес. Сондықтан бұған дейін мұражайларда сақталды. Енді оны қалпына келтіруге роботтар кіріспек. Жасанды сана ұсақ бөлшектерді сканерлеп, оларды рет-ретімен қойып шыға алады.

Мамандардың есептеуінше, бұл іске 4 жыл уақыт кетеді.

Айта кеткерлігі, Помпеи Неаполь қаласына жақын орналасқан. Көне шаһар 1592 жылы табылған. Қазір оның орны ашық аспан астындағы мұражайға айналған. Мұнда әлі күнге дейін қазба жұмыстары жүріп жатыр.