Австралияда батутта ойнаған бес оқушы көз жұмды

Австралияда мектептегі іс-шара балалардың қазасымен аяқталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Білім беру мекемесі осы жылдың соңғы оқу күнін атап өту үшін ғимарат жанында батут орнатқан. Алайда кенеттен жел тұрып, оны ұшырып әкеткен. Салдарынан балалар 10 метр биіктіктен құлап, 5 оқушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы төртеуі жарақат алып, ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр екенін айтады.