434,07 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Омикрон АҚШ-тың 36 штатында анықталды  

  • 106
  • UPD: 11:36, 17.12.2021
Омикрон АҚШ-тың 36 штатында анықталды  

Омикрон жақын арада АҚШ-тағы басым штамға айналады, деп хабарлайды Хабар 24.

Елдің бас инфекционисі осылай деп отыр. Жаңа мутация 50 штаттың 36-сында тіркелді. Қазір дерттің ішінде тек 3 процентінен ғана осы вирус анықталды. Алайда мамандар омикронның өте жылдам тарайтынын айтады. Ауру саны 2-3 күнде 2 есе өседі екен. Бүгінде АҚШ коронавирус жұқтыру және кісі өлімі жағынан да әлемде бірінші орында тұр. 

Энтони Фаучи, АҚШ аллергия және инфекциялық аурулар ұлттық институтының директоры:

– Шамамен 3 күнде деректер саны екі есе артатын болса, алдағы уақытта жағдайдың қалай боларын өздеріңіз ойлай беріңіздер. Оңтүстік Африка Республикасында омикрон басым штамға айналды. Ұлыбританиядағы эпидахуал осыған жақындап келеді. Жуырда бізде де солай болатынына еш күмәнім жоқ. Сондықтан вакцина алмағандар болса, тезірек екпе салдырыңыздар дегім келеді. Өйткені санаулы күннен кейін мерекелер мен демалыс маусымы басталады. Тиісінше саяхттаушылар саны да көбейеді.

Хабар 24 телеарнасы