Түрік лирасы әлі де құлдырап жатыр

Түрік валютасы бір доллар үшін 16,12 лира болды, бұрын бір доллар үшін 15,66 лираға жеткен еді, деп хабарлайды Хабар 24. РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Сауда деректері орталық банк межені төмендеткеннен кейін 1 долларға 16 лирадан келетінін көрсетті. Бейсенбіде Түркияның орталық банкі есеп мөлшерлемесін 15 проценттен 14%-ке дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Қаңтарда бір доллар үшін 7,4 лира бағамына сатылған түрік валютасы бір жыл ішінде құнының жартысынан көбін жоғалтты. Кейінгі 20 жылда бір тәулік ішіндегі ең көп құлдырау дерегі 23 қарашада тіркелді, содан кейін лира 16 пайызға төмендеді.

Бұл жайт 18 қарашада Түркияның орталық банкі есеп мөлшерлемесін 16-дан 15 процентке дейін төмендету туралы шешім қабылдаған соң болды. Содан кейін ел президенті Тайып Ердоған осы жағдай инфляцияның төмендеуіне әкелетінін мәлімдеп, меже төмендеуі дұрыс деп санаған еді.