Солтүстік Кореяда 11 күн бойы күлуге және жылауға тыйым салынды

Солтүстік Корея билігі КХДР-дің бұрынғы басшысы Ким Чен Ирдің қайтыс болуының он жылдығына орай 11 күндік аза тұту кезінде тұрғындарға күлуге, туған күндерін атап өтуге, жақындарын жерлеуге және қатты жылауға тыйым салды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Сондай-ақ жергілікті тұрғындар бос уақытында сауда жасап, алкоголь іше алмайды.

Өткен жылғы аза тұту күндері мас адамдар қамауға алынған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай адамдар идеологиялық қылмыскерлер болып саналады.

«Егер отбасыңыздың бір мүшесі аза тұту кезінде қайтыс болса, сізге қатты жылауға рұқсат етілмейді және аза тұту аяқталғаннан кейін ғана мәйітті жерлей аласыз», - деп бөлісті жергілікті тұрғындар.