Франция Британия азаматтарының кіруіне шектеу енгізді

Франция Ұлыбританияда індеттің өршуіне байланысты көрші мемлекет азаматтарының елге кіруін шектеу туралы шешім қабылдады.

Ертеңнен бастап Францияға тек сапарының өте маңызды екенін дәлелдей алған корольдік тұрғындары кіре алады. Бірақ рұқсат алған азамттар ПТР-тест тапсырып, бір апта карантинге жабылады. Корольдіктегі француз азаматтары отанына еш кедергісіз орала алады. Екі мемлекет арасындағы саудаға кедергі келтірмеу үшін жүк көліктері жүргізушілеріне шектеу салынбайды. 

Габриэль Атталь, Франция үкіметінің ресми өкілі:

- Шара елімізге короанвирустың омикрон түрінің енуін барынша азайтуға бағытталған. Себебі біз қазір бұл штамның Ұлыбритания, Дания және өзге елдерде күшейіп бара жатақанын көріп отырмыз. Мақсатымыз шектеуді қолдана отырып, халықты вакциналау мен ревакциналауды күшейту.