434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Экологиялық шырша орнату ұсынысы Румынияда қолдау тапты

  • 82
  • UPD: 23:20, 17.12.2021
Экологиялық шырша орнату ұсынысы Румынияда қолдау тапты

Жаңа жылда экологиялық шырша орнату ұсынысы Румынияда қолдау тапты. Бірнеше ірі қала алаңдарында жасанды шыршалар орнатылды. Оны жоңқалар мен бұтақтардан жасайды және өңделген пластиктен істелген әшекейлермен безендіреді. Биыл Еуропа елдерінің көбі осындай шараға барып отыр. Мәселен, Прагада мейрамнан кейін шыршаларды жиһаз жасайтын зауыттарға жібереді.

Экологиялық таза шырша жасауға бір тәуліктен аса уақыт кетпейді. Алайда шеберлер бұған 5 күндей дайындалады. Алғашында бір бөлігі орманға барып, ағаштардан құлаған қылқанды бұтақтарды жинайды. Қалғандары ағаш тілетін кәсіпорындарға барып, жоңқа тиейді. Оны өңдегеннен кейін тірекке бекітіп, кейін оған шырша бұтақтарын жалғайды. Әшекейлерін де осында тек қайта өңделген материалдардан жасайды. 

Николае Чыкылдэу, жоба авторы:

- Осындай алғаш шыршаны Арад қаласы үшін жасадық, оны орталық алаңда орнатты. Осыдан кейін бізге 40-қа жуық жаңа тапсырыс түсті. Орманда кесілген тірі шыршаны орнату әдетінен осыдан 20 жыл бұрын бас тарта бастаған. Біздің шыршаларымыз қарапайым, нағыз ағаштан айнымайды, иісі де сондай және қылқан шашады. Бағасы шамамен 3-5 долларға қымбат.  

Үш қаланың шырша сататын базарлары осындай экологиялық ағаштардың бірнеше партиясын сатып алды. Қоршаған ортаға зиян келтірмей, мейрамды атап өту әдеті Румынияда жаңа қалыптасып отыр. Осыған дейін қала алаңдарында орманда кесілген немесе пластиктен жасалған шыршаларды орнататын. Ал жоба бастамашылары келер жылда бұйымы ел астанасы Бухаресттің орталық алаңында бой көтеретініне үмітті. 

Александру Дяк, Бухарест мэриясы идеологиялық бөлімнің басшысы:

- Биыл осындай шыршалар Бухаресттің 6 мектебінде орнатылады. Алайда бұл жоба келесі жылда жаңа тыныс алады деген үміттемін. Мэрия компанияға бөлінетін субсидия мөлшерін талқылауға кірісіп кетті. Келер жылда Бухаресттің 4 алаңында осындай шырша орнату туралы келіссөздер өтіп жатыр. 

Әріше тек мэрия мен ірі мекемелерден тапсырыс түсіп жатыр. Тек келесі жылда ғана көптеп сатылады. Жоба бастаушылары халықты өз бұйымымен алдын-ала таныстырмақ. Ақпан айында бақтар мен кеңселерді безендіруге арналған осындай шыршалар  Бухарест пен Брашов қалаларының дүкендерінде сатыла бастайды. 

Алиса Флореску, Драгуш Попеску

Хабар 24 телеарнасы