Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Ұлыбританияда екі күнде дертке шалдыққандар қарасы күрт өсіп, вирус жұқтырудың тәуліктік рекорды орнады.

Сәрсенбі күні корольдікте вирус 78 мың адамнан анықталса, кеше оны 90 мыңға жуық тұрғын жұқтырып алған. Дәрігерлер омикрон штамы күшейгенін айтады. Салдарынан ауруханаға түскен жандар көбейген. Бірақ билік індеттің өршуіне қарамастан шектеулер енгізбейтінін мәлімдеді. Тек індеттің таралуын тоқтату үшін вакциналауға басымдық беріледі. 

Саджид Джавид, Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі:

- Мәліметтер бустерлі вакцинаның маңызы зор екенін көрсетіп отыр. Күшейткіш доза адамның омикронға қарсы қорғанышын арттырады. Сондықтан бұл дерттен қорғану үшін тұрғындарды ревакциналаудан өтуге шақырамыз.

Сондай-ақ...