Лондонда «Титаниктен» табылған заттар көрмесі ашылды

Лондонда аты аңызға айналған «Титаник» кемесінен табылған заттар көрмесі ашылды.

Онда кеменің бортында тұрған және теңіз түбінен алынған 200-ден астам бұйым қойылған. Арасында фин жолаушысының күнделігі, әйелдің аяқ киімі, көйлек, ыдыс-аяқ пен сақина секілді дүниелер бар. Мұның бәрі жұрт назарына алғаш рет ұсынылып отыр.

Көрме көктемге дейін жалғасады. Титаниктің өзі 1912 жылы 15 сәуірге қараған түні Англиядан Нью-Йоркке жүзіп бара жатқан кезінде айсбергке соғылып, суға кеткен еді. Кемедегі мың жарымдай адам опат болған.