Қытай билігі көмір кенішінде қалып қойған екі шахтердің өлімін растады

Қытай билігі су басқан көмір кенішінде екі шахтердің қалып қойып, мерт болғанын растады.

Оқиға елдің солтүстігіндегі Шаньси провинциясында болған. Құтқарушылар екі күн бойы арпалысып 20 адамды жердің бетіне алып шықты.

Тергеу мәліметі бойынша, шахтерлер заңсыз әрекет еткен. Яғни, жер астына өздігінен түсіп, қазына іздеген. Полиция осы іске қатысты 7 күдіктіні тұтқындады.