434,34 496,10 5,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ирактағы су тасқынында 11 адам қаза тапты

  • 81
  • UPD: 11:13, 18.12.2021

Ирактың солтүстігіндегі Эрбиль провинциясында тасқыннан 11 адам опат болды.

Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, олардың арасында екі шетел азаматы және әйелдер мен балалар бар. Тағы 4 құтқарушы жарақат алды.

Жергілікті билік зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді. Табиғат апатынан провинция инфрақұрылымы да айтарлықтай зиян шекті. Ондаған баспана жарамсыз болып қалды. Көшеде тұрған көліктерді де су ағызып әкеткен.

Синоптиктер жауын әлі де бірнеше күн жауады дейді.

Хабар 24 телеарнасы